2004-жылы Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау бағытындағы тас жолдың 100 шақырымы жаңартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау бағытындағы тас жолдың 100 шақырымы жаңартылады

2004-жылы Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау бағытындағы тас жолдың 100 шақырымы жаңартылады

2004-жылы Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау бағытындағы республикалық маңызды тас жолдың 100 шақырымы жаңартылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің орынбасары Марат Әбдірахманов хабарлады.

  • 26 Мамыр 2004
  • 622
Фото - Caravan.kz

Орал-Атырау бағытындағы тас жолды Италияның «Тодини конструкциони Дженерали» компаниясы жөндеп жатыр. Жөндеу жұмыстарына арналған қаржы екі көзден шығарылуда, атап айтсақ, 75 процентін Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі, 25 процентін республикалық бюджет бөліп отыр. Қазіргі жағдаймен республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлініп, жолдың 4 шақырымына асфальт төселді.

2003-жылы Атырау жағынан жолдың 85 шақырымы, ал Орал жағынан 14 шақырымы жөнделді. Орал жағындағы жұмыстардың бәсеңдігін құрылысшылар Батыс Қазақстан облысында құрылыс материалдарының тапшылығымен түсіндіреді. Қыс бойына құрылысшылар қажетті материалдың 60 процентін ғана қамдап үлгерген. Биыл жолдың Чапаево ауылына дейінгі бөлігі жөнделеді деп күтілуде.
Жалпы ұзындығы 492 шақырымдық Орал-Атырау тас жолын жөндеу жұмыстары 2005-жылдың желтоқсан айында толық аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ, жергілікті маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуге облыстық бюджетте 300 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі жағдаймен 25,4 млн. теңге игеріліп, бұл қаржының 25 млн. теңгесіне Орал-Кирсаново, 400 мың теңгесіне Ақсай-Шыңғырлау тас жолдары жөнделді.
Орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстарына 572 млн. теңге бөлініп, оның 51 млн. теңгесі игерілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 271 млн. теңге қарастырылса, оның 59,3 млн. теңгесі игерілді.
Автожолдардың жұмысын қамтамасыз етуге 110 млн. теңге бөлінді. Жалпы бүтін жылға бұл мақсатқа 843,2 млн. теңге қарастырылған.