М.Аббасовтың айтуынша, Eupec-Azerbaijan кәсіпорны — құбырларды бетондаумен айналысатын Каспий өңіріндегі бірден-бір кәсіпорын болғандықтан, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан республикаларынан тиісті тапсырыстар алуға мүдделі. «Иран туралы мәселе қаралған жоқ, бірақ оны да санаттан шығаруға болмайды»,- деді ол.
М.Аббасовтың хабарлауынша, қазір зауытта «Азери-Чираг-Гюнешли» кенішін игерудің «Фаза-2» сатысында тартылатын су асты құбырларын бетонмен қаптау жұмыстары жүзеге асырылуда. Eupec-Azerbaijan бұл сатыда түрлі диаметрлі 221 шақырым құбырды бетонмен қаптайды. Қазіргі жағдаймен жұмыстардың 15 проценті атқарылды.
Сондай-ақ, бұл кәсіпорын Баку-Тбилиси -Жейхан мұнай құбыры желісін тарту жобасы аясындағы құбырларды бетонмен қаптау жобасын жүзеге асыруда.
Бұл жоба аясында Eupec-Azerbaijan өзендер түбімен тартылатын 11 шақырым құбырды бетонмен қаптауы тиіс.
Eupec-Azerbaijan бірлескен кәсіпорны Германияның Eupec Pipe Coatings және Әзербайжанның Azpetrol компаниясының қатысуымен құрылған. Бірлескен кәсіпорынды құруға 15 млн. доллар көлемінде инвестиция жұмсалды.
«Азери-Чираг-Гюнешли» және «Шах-Дениз» кеніштерін игеру жобасы аясында кәсіпорын 700 шақырымдай құбырды қаптады.