Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер ауа райына әсер етеді, жаңбыр жауып найзағай ойнайды, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ, республиканың оңтүстігінде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте құмды дауыл соғады.
«Қазақстанда тәуліктік ауа температурасы жоғарлайды: батыс облыстарда +32-37 градусқа дейін, солтүстік-батыста +30-35 градусқа дейін, солтүстікте +20-30 градусқа дейін, орталықта +20-28 градусқа дейін, оңтүстікте +30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20-25 градусқа дейін аздап төмендейді, таулы аймақтарда +10-15 градус, шығыста негізгі фон + 23-28 градус», – делінген хабарламада.