Бес күнге созылған "Қару" операциясы барысында елімізде 100-ден астам қару тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес күнге созылған "Қару" операциясы барысында елімізде 100-ден астам қару тәркіленді

Бес күнге созылған "Қару" операциясы барысында елімізде 100-ден астам қару тәркіленді

Заңсыз сақталған қару-жарақ, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды тәркілеу мақсатында мамырдың 17 мен 24-і аралығында өткізілген шұғыл профилактикалық "Қару" операциясы барысында еліміздің құқық қорғау мекемелері 104 қару, соның ішінде 2 Макаров тапаншасы, 3 алтыатар, 38 бесатар, 7 карабин және 44 кезік мылтық тәркіленді. Бұл туралы бүгін, 26-мамырда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ қылмыстық полициясы департаменті төрағасының орынбасары Нұрлан Абдуллин хабарлады.

  • 26 Мамыр 2004
  • 627
Фото - Caravan.kz

Бұған қоса тәртіп сақшылары 17 қол гранатасын, 13 жарылғыш зат пен 3 килодан астам жарылғыш заттар тәркіледі. Қару-жарақ, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды заңсыз сақтағаны үшін 123 адам ұсталды, олардың үшеуі қамауға алынды.

28 оқпанды ойындылы қаруды адамдар өз еркімен құқық қорғау мекемелеріне тапсырды, деді Н.Абдуллин.
ІІМ-нің мәліметіне сәйкес, аталмыш шаралар барысында Қазақстан аумағында қару қолдану арқылы жасалған 15 қылмыс тіркелді, оның екеуі кісі өліміне, төртеуі қарақшылық шабуылға қатысты қылмыстар.
Н.Абдуллиннің хабарлауынша, осы мерзімде Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармалары ертеректе қару қолдану арқылы жасалған 4 қылмыстың бетін ашты.
Жалпы алғанда, Н.Абдуллиннің айтуынша, шұғыл профилактикалық шаралар барысында осындай қылмыс түрлерінің ашылу көрсеткіші 93,3 процентке жеткен.

Перейти к новостям спорта