Базарда сауда-саттықпен айналысатын анасы жұмысқа кеткенде 10 жасар қыз бен 1 жас 9 айлық ұл бала үйде қалған.
Кішкентай ұл үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Пәтер есігі сыртынан құлыптаулы болғандықтан, бауырын құтқарып, болған оқиға туралы шешесіне хабарламақ болған әлгі қыз інісінің артынан терезеден секіріп кеткен.
Облыстық ІІБ-ның мәліметі бойынша, тірі қалған екі бала балалар ауруханасында жатыр. Ұл баланың қолы сынса, қыздың омыртқасы жарақаттанған.