Астанада ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының бесінші мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-12 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының бесінші мәжілісі басталды

Астанада ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының бесінші мәжілісі басталды

Бүгін, 27-мамырда Астанада ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының бесінші мәжілісі басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Мамыр 2004
  • 437
Фото - Caravan.kz

Бас қосуға ЕурАзиялық Экономикалық Қоғамдастығына мүше елдер парламенттерінің жетекшілері қатысуда. Парламенттік делегация мүшелері Ассамблеяның сыртқы байланыс, қауіпсіздік және аймақтық ықпалдастық жөніндегі, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі, экономика және қаржы жөніндегі, Кедендік Одақтың құқықтық базасын қалыптастыру және жалпы құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының жұмысына қатысады.

Отырыс аяқталғаннан кейін ЕурАзЭҚ парламентшілері Астана бас жоспары, «Бәйтерек» кешені, «Думан» ойын-сауық орталығы тәрізді нысандарды аралайды.
ЕурАзиялық Экономикалық Қоғамдастығын Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан , Ресей және Тәжікстан президенттері 2000-жылдың қазан айында құрған. ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Қоғамдастық аясындағы парламентаралық ынтымақтастық органы болып табылады. Ол қоғамдастыққа қатысушы елдердің ұлттық заңнамаларын өзара үйлестіру мәселесін қарайды.
Парламентаралық Ассамблея құрамына ЕурАзиялық Экономикалық Қоғамдастығына мүше елдер парламенттерінен өкіл ретінде 70 депутат енеді. Атап айтсақ, Ресей Федерациясынан 28, Беларусь пен Қазақстанның әрқайсысынан 14, Қырғызстан мен Тәжікстанның әрқайсысынан 7 депутаттан тағайындалған. Қазір Парламентаралық Ассамблеяға Қазақстан төрағалық жасауда. Парламентаралық Ассамблеяның іс-қызметін Ассамблеяның атқарушы органы болып табылатын Бюро жүзеге асырады. Бюро отырыстары екі жылда бір рет өткізіледі.