"Мен көк көзді және аққұба әйелдерді көрдім": 19 ғасырда шала қазақ деп кімдерді айтқан? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен көк көзді және аққұба әйелдерді көрдім": 19 ғасырда шала қазақ деп кімдерді айтқан?

"Мен көк көзді және аққұба әйелдерді көрдім": 19 ғасырда шала қазақ деп кімдерді айтқан?

Бүгінгі қоғамда айтылып жүрген "шала қазақтар" мен 19 ғасырдағы шала қазақтардың айырмашылығы жер мен көктей екені белгілі болды. 

  • 30 Мамыр 2023
  • 293
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы  көшпенділер арасындағы шала қазақтардың өмір сүру салты туралы тарихи жазбаларымен белгілі  желі қолданушысы Руслан Шынтас бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Орыс фотографы  Л.К.Полторацкаяның  1879 жылы жазылған "Семей облысындағы Бремен экспедициясы. Табиғат пен аңшылық" атты еңбегінде  сол кездегі шала қазақтар туралы айтылған. "… Экспедиция бақылауды жалғастыра отырып, Зайсаннан Қара Ертіске аттанып, ол жақтан кемемен түсті. Бурхаттың етегінде бізді қырғыздар қарсы алды, бізге дайындалған Данияр деген шала қазақтың киіз үйіне кірдік. Ол әрине, бізге шәй мен қой етін берді.  Қантсыз, өте тұзды, жиіркенішті шәйді іштік. Үйде болсақ аузымызға да алмайтын кептірілген қой етіне неге қуанғанымызды Құдай біледі. Шала қазақтар деген жалпылама атау бұл жақта таулық қашқындарға, татарларға, помещиктерден қашқан шаруаларға, қашқын сарбаздарға, тіпті  орыс азаматтығын қабылдағанға дейін  екі көрші мемлекеттің ең алыс шегінде қамауға алынған сотталушылар мен олардың   ұрпақтарына  берілген екен.  Қырғыздармен біте қайнасып кеткендері сонша, олардың ұлттық киімдерін, әдет-ғұрыптарын қабылдап, жаңа этнографиялық түр қалыптастырған.  Мен көк көзді және аққұба әйелдерді көрдім. Шала қазақтардың түрлері. (  Шала қазақтар — татарлар, одан кейін түрлі азиялық ұлттар мен орыс қашқындары) 19 ғасырдың 50 жылдары шала қазақтар қырғыздардың құрамына еніп, болыс құрамына кірді. Бірақ,  Буконидің төменгі ағысында, Мешіт ауылында  орналасқан шала қазақтардың едәуір бөлігі  Өскемен уезінің Қарауыл-Исыков болысының құрамына кіргенімен, өздері айрықша тұтастықты сақтап отыр. Әрі этнографиялық жағынан да қырғыздардан өзгеше. Көшпелі өмір салтын ұстанып осы жаққа бейімделіп кеткен шала қазақтардың татар стилінде салынған  керемет үйлері бар. Бұрыннан Қара Ертістің төменгі ағысын қоныстанған олардың көпшілігі сауда-саттықпен айналысады",- делінген аталған еңбектен үзіндіде. . 
Л. К. Полторацкаяның суреті, 1870 жЛ. К. Полторацкаяның суреті, 1870 ж