ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы тұрақты комиссияларының іс-қызметінде өзгерістер болады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы тұрақты комиссияларының іс-қызметінде өзгерістер болады

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы тұрақты комиссияларының іс-қызметінде өзгерістер болады

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының кейбір тұрақты комиссияларының негізгі жұмыс бағыттары өзгереді деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін, 27-мамырда ҚР парламенті мәжілісінің депутаты - ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының сыртқы байланыс, қауіпсіздік және аймақтық ықпалдастық жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Ерлан Нигматулин журналистерге хабарлады.

  • 27 Мамыр 2004
  • 344
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «бұл мәселе » Парламентаралық Ассамблеяның жұма күнгі жалпы отырысында қаралады. Атап айтсақ, сыртқы сауда-саттық және кедендік реттеу мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ендігі жерде сыртқы сауда-саттық мәселесімен айналыспайды. Оның орнына аталмыш комиссияға шекаралық саясат мәселелерімен айналысуға құқық беріледі.

Сондай-ақ, сыртқы байланыс, қауіпсіздік және аймақтық ықпалдастық жөніндегі тұрақты комиссияның жұмыс бағыттары «шамалы өзгереді деп күтілуде». Комиссия сауда саясаты және халықаралық ынтымақтастық мәселелерімен де айналысатын болады.
Е.Нигматулин «бұл мәселе бойынша қызу пікірталас туындайды» деген жорамал айтты.