Астанада 2004-жылы Германия елшілігінің Қазақстандағы тұрақты өкілі жұмыс істей бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 2004-жылы Германия елшілігінің Қазақстандағы тұрақты өкілі жұмыс істей бастайды

Астанада 2004-жылы Германия елшілігінің Қазақстандағы тұрақты өкілі жұмыс істей бастайды

Астанада 2004-жылы Германия елшілігінің Қазақстандағы тұрақты өкілі жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін, 27-мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы істерін жауаптанған уақытша сенімді өкіл Райнер Морэль хабарлады.

  • 27 Мамыр 2004
  • 596
Фото - Caravan.kz

Елшіліктің Алматыдан Астанаға көшу мүмкіндігі туралы журналистер сауалына жауап берген Р.Морэль «елшілік Қазақстан Елордасына жуық арада көшпейді» деп мәлімдеді.

«Елшілік жұмысының көптеген бағыттары, бірінші кезекте, виза бөлімінің жұмысы Алматымен тікелей байланысты. Сондай-ақ, Алматыда бірқатар әлеуметтік және мәдени бағдарламалар жүзеге асырылуда»,- деді Р.Морэль. Дейтұрғанмен, уақытша сенімді өкіл елшіліктің болашақта Қазақстан Астанасына көшу мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ.
Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшілігі осы елдің федералдық сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншердің 1991-жылдың қазан айындағы Қазақстан сапарынан кейін ашылған. 1991-жылдың 31-желтоқсанында Германия Федеративтік Республикасы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар 1992-жылы орнады.
Алматыдағы Германия елшілігі Ұлыбритания және Франция елшіліктерімен бір әкімшілік ғимаратта орналасқан.