Германияның Қазақстандағы елшісі кома жағдайынан әлі шыққан жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияның Қазақстандағы елшісі кома жағдайынан әлі шыққан жоқ

Германияның Қазақстандағы елшісі кома жағдайынан әлі шыққан жоқ

Германияның Қазақстандағы елшісі Андреас Кертинг кома жағдайынан әлі шыққан жоқ. Бұл туралы бүгін, 27-мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы істерін жауаптанған уақытша сенімді өкіл Райнер Морэль хабарлады.

  • 27 Мамыр 2004
  • 337
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-мамырда А.Кертинг жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барған. Сол жерде дастархан басында күтпеген жерден «аспираторный синдром» дертіне шалдыққан елші ес-түстен айрылып, кома жағдайына түсті. Бұдан кейін Жаңаөзен қаласына жеткізілген елшіге дәрігерлік көмек көрсетілген. Ал мамырдың 21-інен 22-сіне қараған түні А.Кертинг емдеу мақсатымен отанына жіберілді.