Алматыда тоқсаты жөндеп жүрген бір механик мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тоқсаты жөндеп жүрген бір механик мерт болды

Алматыда тоқсаты жөндеп жүрген бір механик мерт болды

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бір тұрғын үйдің тоқсатысын жөндеп жүрген бір механик мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 27 Мамыр 2004
  • 354
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметіне сәйкес, 26-мамырда «Астаналифт» ЖШС-нің жөндеушілер тобы Байзақов көшесінің бойындағы бір үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген. Төтенше жағдай болған кезде тоқсаты пайдаланылмаған. Тоқсаты кабинасының қабырғалары бөлшектеліп, алып тасталғандықтан, кабинаның салмағы жеңілдеп қалған. Жеделсатының бөлшектерін сыртқа тасып жүрген механик қайта оралып, лифт шахтасына кірген кезде оның үстінен салмағы 800 килограммдық тепе-теңдік сақтаушы құлап кеткен. 45 жастағы механик жарақат салдарынан жедел жәрдем тобы келмей қайтыс болды.

Қазір Алматы қалалық еңбек қорғау департаменті төтенше оқиғаның себептерін зерттеуде.