"Отан" партиясы парламенттік фракциясының мүшелері жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отан" партиясы парламенттік фракциясының мүшелері жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

"Отан" партиясы парламенттік фракциясының мүшелері жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

"Отан" партиясы парламенттік фракциясының мүшелері жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Мамыр 2004
  • 392
Фото - Caravan.kz

Парламенттік фракцияның жетекшісі Қайролла Ережеповтың айтуынша, сапардың басты мақсаты — партия мен Елбасының саясатын халыққа насихаттау болып табылады. «Біз жұртшылыққа өз фракциямыздың парламентте не тындыра алғаны, қандай нәрсе қолынан келмегені туралы айтып жүрміз»,- деді Қ.Ережепов. Ол сондай-ақ, «Отан» партиясының бағдарламасы «Елбасының халыққа арнаған жолдауымен қашан да үндеседі», ал фракцияның мақсаты — «қажетті заңдар шығару арқылы қоғамдағы өзекті проблемаларды шешу» деп атап көрсетті.

Батыс Қазақстан облысына сапары барысында «Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшелері бюджеттік сала қызметкерлерімен, студенттермен, жоғары оқу орындарының оқытушыларымен, Қазақстан халықтары Кіші ассамблеясының мүшелерімен кездеседі. Облыстың бірнеше ауылдық аудандарында болу да ойларында бар.
«Отан» партиясының парламенттегі депутаттары осымен жетінші облысқа ат басын тіреп отыр.

Перейти к новостям спорта