Қазақстан АҚШ кәсіпкерлерін республика экономикасының нақты секторына инвестиция салуға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан АҚШ кәсіпкерлерін республика экономикасының нақты секторына инвестиция салуға шақырады

Қазақстан АҚШ кәсіпкерлерін республика экономикасының нақты секторына инвестиция салуға шақырады

ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков АҚШ-тық кәсіпкерлерді "республика экономикасының тек шикізат саласымен ғана шектелмей, нақты секторға да инвестиция салуға" шақырды. Бүгін, 28-мамырда АҚШ Конгрессінің сенаторы Конрад Бернспен бірге елімізге келген саудагерлер миссиясының қатысуымен Астанада өткен бизнес-форумда ҚР индустрия және сауда министрі осындай мәлімдеме жасады.

  • 28 Мамыр 2004
  • 414
Фото - Caravan.kz

Ә.Жақсыбековтың атап көрсеткеніндей, қазір Қазақстанға қаржылық инвестициядан гөрі «озық менеджмент пен озық технологиялар қажет».

Индустрия және сауда министрінің пайымдауынша, Қазақстан дүниежүзіндегі ең ірі екі держава — Ресей және Қытаймен шекараласатындықтан, сондай-ақ, «бұл елдермен арадағы сауда-саттыққа ешбір шектеу қойылмағандықтан», республика экономикасының нақты секторына бағытталған инвестициялар «400-500 млн. адамды қамтитын ауқымды рынокты қамтамасыз ете алады».
Ә.Жақсыбеков АҚШ кәсіпкерлерін инвестицияны Каспий қайраңының инфрақұрылымын дамыту мақсатына жұмсауға шақырды.