Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен сараптамадан өтіп, үкіметте мақұлданған газ жобасының техника-экономикалық негіздемесі «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның келісімін күтіп жатыр. Бұнымен бір уақытта Қазақстан өнімін Ресей аумағы арқылы тасымалдау жөнінде РФ үкіметі мен «Газпром» компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Алайда, бұл мәселе күні бүгінге дейін шешілген жоқ,- деді С.Качало. Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттарды 1-1,4 жылда дайындау жөнінде нормативтік мерзім белгіленген. «Сол себепті, аталмыш жобаға 2006-жылдың соңына таман ғана толыққанды кірісе аламыз деген жоспар бар»,- деді С.Качало.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сәуір айында үкімет басшысы кеңес өткізіп, тиісті министрліктер мен құзырлы құрылымдарға жобаны 2005-жылы жүзеге асыра бастау үшін болашақ әріптестермен арадағы келіссөздерді пәрмендендіруге тапсырма берген болатын.