Алматыда шағын және орта бизнес саласындағы өнеркәсіптік қауымдастық басшыларының Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-15 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шағын және орта бизнес саласындағы өнеркәсіптік қауымдастық басшыларының Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық корпус өкілдерімен  кездесуі өтті

Алматыда шағын және орта бизнес саласындағы өнеркәсіптік қауымдастық басшыларының Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі өтті

Бүгін, 28-мамырда Алматыда шағын және орта бизнес саласындағы өнеркәсіптік қауымдастық басшыларының Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Мамыр 2004
  • 398
Фото - Caravan.kz

Кездесуде елшілер мен қауымдастық жетекшілері Қазақстан экономикасына инвестиция салу перспективасын талқылап, бірлескен кәсіпорындар құру және өзара ынтымақтастық мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Алматы әкімі аппаратының шағын бизнес департаментінің директоры Серік Тұржановтың хабарлауынша, «қазіргі жағдаймен шағын және орта бизнес саласында 5 млн. адам еңбек етуде. Шағын және орта бизнес республикалық бюджетті қалыптастыратын салықтардың 45 процентін қамтамасыз етіп отыр».
«Қазір Қазақстанда күш құрылымдарын күшейту құбылысы жүріп жатыр. Бірақ ол шекаралардың ашықтығына жол ашпай, керісінше, бизнеске кедергі келтіруде»,- деп атап көрсеткен С.Тұржанов : «әкімшілік тосқауылдар күшейген сайын бизнес табандай түспек»,- деді. «Осындай ахуалды пайымдай отырып біз бүгін кәсіпкерлер мен елшілер арасында қарым-қатынас орнатуды көздеп отырмыз»,- деді ол .
С.Тұржановтың мәліметі бойынша, 2003-жылы Қазақстан мен шетелдер арасындағы тауар айналымы 20 млрд. долларды құраса, 2004-жылы бұл көрсеткіш 23-25 млрд. көлемінде қалыптасады деп күтілуде.