Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 54 бюджеттік ұйымның банктегі есепшоттары бойынша операциялар жүргізуге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-14 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының  Сарыағаш ауданында 54 бюджеттік ұйымның банктегі есепшоттары бойынша операциялар жүргізуге  тыйым салынды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 54 бюджеттік ұйымның банктегі есепшоттары бойынша операциялар жүргізуге тыйым салынды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында мектептер мен ауруханалар тәрізді 54 бюджеттік ұйымның банктегі есепшоттары бойынша операциялар жүргізуге тыйым салынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық салық комитетінің салық жинау бөлімінің бастығы Пернебай Дәнесов хабарлады.

  • 28 Мамыр 2004
  • 478
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, есепшоттарды пайдалануға тыйым салуға бюджеттік ұйымдардың салық түсімдері бойынша берешегінің артуы түрткі болған. Қазіргі жағдаймен бюджетке берешек мөлшері 71,5 млн. теңгені құрайды, оның 20млн. теңгесі — зейнетақы аударымдағы бойынша берешектер. Аталмыш қаржының 17 млн. теңгесі салық төлеу мерзімін кешеуілдетуге байланысты төленетін өсімпұл құрайды. Ал аудандық қаржы бөлімі бюджеттік ұйымдардың есепшотына ай сайын 32-33 млн. теңге аударып отырады. Сөйтіп, бұл қаржы екі ай бойына тек қарызды жабуға жұмсалмақ.

П.Денисовтың пайымдауынша, салықтың төленбей келуіне бюджетті ұйымдар кінәлі емес. Оған себеп, бұл мекемелер аудандық қаржы бөлімі тарапынан дер кезінде қаржыландырылмаған. Алайда, ендігі жерде қалыптасқан ахуалға байланысты бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері екі ай бойы жалақыдан қағылатын болды. Сондай-ақ, мектеп мұғалімдері демалыс уақытына берілетін жалақыны алу мүмкіндігінен айрылды.