Үкімет басшысымен кездескен парламент депутаттары өздерін өкіл етіп сайлаған аймақтардың тауқыметімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-14 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысымен кездескен парламент депутаттары өздерін өкіл етіп сайлаған аймақтардың тауқыметімен бөлісті

Үкімет басшысымен кездескен парламент депутаттары өздерін өкіл етіп сайлаған аймақтардың тауқыметімен бөлісті

Бүгін, 28-мамырда үкімет басшысы Даниал Ахметов мәжіліс депутаттары Валерий Котович пен Тито Сыздықовты қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Мамыр 2004
  • 431
Фото - Caravan.kz

Валерий Котович Үкімет басшысына Степногорск қаласындағы «Қазсабтон» ЖАҚ кен-химия комбинатында қалыптасқан жағдай туралы баяндады. Кәсіпорын бүгінде тоқтап тұр, жергілікті жылу-электр стансасында екі-үш күнге ғана жететін көмір қалған. Депутаттың айтуынша, мүлік кешенінің иесі — шетелдік инвестор кәсіпорын мәселесін шешіп, жұмысшыларға 4 айлық жалақы қарызын өтеуді қаперіне алар емес.

Депутат сонымен бірге, Премьер-Министрдің қарауына осыдан бір жарым жыл бұрын банкрот болған Маңғышлақ энергокомбинатын дағдарыстан шығаруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Валерий Котович осы кәсіпорынның мәселесін шешу үшін келесі жылы республикалық бюджеттен 5,7 миллиард теңге бөлуді сұрады.
Ал, Тито Сыздықов Ақсу және Екібастұз қалаларын сумен қамтамасыз ету жүйелерін жақсарту туралы ұсыныс жасады. Мәжіліс депутаты сонымен бірге, Үкімет басшысының назарына бір топ Мәжіліс депутаттары дайындаған өндіріс қалдықтары туралы балама заңның жобасын ұсынды. Тито Сыздықовтың айтуынша, бүгінде елімізде 22 миллиард тонна осындай қалдықтар жиналып қалған, олардың 230 миллион тоннасы өткен жылы пайда болған. Парламент депутаттары шағын және орта бизнеске осы қалдықтарды өңдеумен айналысуға мүмкіндік беруді ұсынып отыр.
Кездесу барысында Парламент депутаттары В.Котович пен Т. Сыздықов сайланған аймақтардың дамуына байланысты басқа да мәселелер қаралды.