«Біз Ресейді Орта Азиялық Ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Келісімге мүшелікке қабылдау жөнінде осы елдің өтініші бойынша шешім қабылдадық»,- деп мәлімдеді Елбасы Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің кезектен тыс отырысы аяқталғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында.
Кеңестің бүгінгі мәжілісіне «Ресей президентінің жеке өкілі » Игорь Иванов қатысты, деді президент.