Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпорындар ауаға тасталатын зиянды қалдықтар мөлшерін жыл өткен сайын арттыра түсуде - статистикалық басқарма - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-14 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпорындар ауаға тасталатын зиянды қалдықтар мөлшерін жыл өткен сайын арттыра түсуде - статистикалық басқарма

Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпорындар ауаға тасталатын зиянды қалдықтар мөлшерін жыл өткен сайын арттыра түсуде - статистикалық басқарма

Солтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп орындары ауаға тасталатын зиянды қалдықтар мөлшерін жыл өткен сайын арттыра түсуде. 2000-жылы бұл көрсеткіш 53,3 тонна болса, 2003-жылы 60,7 мың тоннаға жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Мамыр 2004
  • 1198
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен Солтүстік Қазақстан облысында ауаға зиянды қалдықтар шығаратын 408 кәсіпорын бар. Онда 2471 тұрақты қалдық көздері шоғырланған. 2003-жылы былтырғы жылмен салыстырғанда қалдықтар мөлшері 5,4 процентке артты. Қалдықтардың 37,6 мың тоннасы қатты қалдықтар, 23,1 мың тоннасы газ күйіндегі қалдықтар. 2003-жылы облыс тұрғындарының жан басына шаққанда 89 кило зиянды заттан келсе (2002-жылы 84 кило), Петропавл қаласы тұрғындарының әрбіреуінің үлесіне тұрақты қалдық көздерінен атмосфереға тасталған зиянды қалдықтар 199 килограмнан тиді.

Улы және радиоактивті қалдықтар да қоршаған ортаға қауіп төндіруде. 2003-жылы облыстағы кәсіпорындарда 610 мың тонна улы қалдық түзілді, ол өткен жылғыдан 3,1 процентке артық. Қалдықтардың басым бөлігі (99,9 проценті) қаупі аз заттарға жатады. Алайда, 2003-жылдың аяғында облыстағы кәсіпорындарда 101,2 мың тонна аса қауіпті, 133,3 мың тонна шамалы қауіпті қалдықтар жиналды.
Солтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасынан хабарлағанындай, су нысандары мен атмосфера ахуалының нашарлауына кәсіпорындарда әбден тозығы жеткен жабдықтардың пайдаланылуы мен олардың жаңасын сатып алуға қаржының тапшылығы әсер етуде. 2003-жылы Солтүстік Қазақстан облысында негізгі өндірістік қорға қоршаған ортаны қорғау бағытында 49 млн. теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл 2002-жылғыдан 23,8 процентке, 2001-жылғыдан 39,4 процентке кем.