Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Алмасқа біз алғашқы машинасын сыйлаған болатынбыз, Mercedes-Benz ML деген. Сочида өткен үлкен байқаудан Алмас жеңіп келді. Сол кезде марқұм Қайрекең Алмас сен күшті өнер көрсеттің, міне саған сыйлығымыз деп джиптің кілтін сыйлаған еді. Алмасты біздің үйдің баласы дейтін", — деді әншінің экс продюсері.