Асар партиясы көп балалы аналарға арналған жеңілдіктер тізімін арттыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-15 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асар партиясы көп балалы аналарға арналған жеңілдіктер тізімін арттыруды ұсынады

Асар партиясы көп балалы аналарға арналған жеңілдіктер тізімін арттыруды ұсынады

Республикалық "Асар" партиясының ұйымдастыруымен Ақтауда өткен көп балалы аналар форумында үбірлі-шүбірлі отбасыларға жеңілдетілген бағамен дәрігерлік көмек көрсету және оларға төленетін жәрдемақылар мәселесі қаралды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2004
  • 2133
Фото - Caravan.kz

Отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның мәліметі бойынша, елімізде ана мен баланың өліміне қатысты көрсеткіштер барған сайын арта түсуде. Мәселен, бір ғана Маңғыстау облысында тек жыл басынан бері бір жасқа жетпеген 45 шарана көз жұмған (ал 2003-жылдың қаңтар-наурыз айларында бұл көрсекіш 35 болды). Облыс бойынша тұтастай алғанда нәресте өліміне қатысты коэффицент дүниеге келген әрбір 1000 балаға шаққанда 21,48 болды. Бір жасқа жетпеген сәбилердің қайтыс болу себептерінің арасынан таныс алу жолдарының сырқаты, тумысынан денсаулық ақауымен туылу және перинаталды кезеңде пайда болған паталогиялар жоғары үлес салмаққа ие. Сондай-ақ, облыстағы әйелдердің небәрі 18 процентінің дені сау, осыған байланысты денсаулық индексі өте төмен. Әйелдердің басым бөлігі қан аздығына және дені сау баланың тууына айрықша әсер ететін бүйрек ауруына шалдыққан.

Форум қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Онда көп балалы аналарға жеңілдетілген бағамен дәрігерлік көмек көрсету туралы ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, бас қосуға қатысушылар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде (10 мың теңге) жыл сайын бір мәрте жәрдемақы төлеп тұруды ұсынды. Сондай-ақ, әрбір балаға 18 жасқа дейін 1500 теңге көлемінде ай сайынғы балалар жәрдемақысын тағайындау, баланың 2 жасқа дейінгі бағым-күтімі үшін анасына ақылы демалыс беру ұсынылды.
«Асар» партиясының төрайымы Дариға Назарбаеваның пікірінше, «қаржы табуға болады, ең бастысы, адамдар томаға-тұйықтықтан арылып, өз тауқыметтерімен бөлісе білуі керек». «Шешімін табуға болмайтын қиындық жоқ»,- деді Д.Назарбаева.
Форум соңында республикалық Асар партиясы парламенттегі өз депутаттық фракциясына қазіргі қолданыстағы заңдарға кірісі аз көп балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдеме беру мәселесі бойынша түзетулер жобасын жасауға бастама көтеруді тапсырды. Сондай-ақ, көп балалы отбасылардың мәселесін «Асар» партиясының бағдарламасына қамту ұсынылды.
Форум жұмысын қорытындылаған партия жетекшісі «көп балалы аналар өздерінің жалғыз еместігіне сенімді болсын» деп мәлімдеді.
Бүкіл Қазақстан бойынша 300 мың көп балалы отбасылар тіркелген.