Вашингтон мен Нью-Йорк қалаларына жұмыс сапары барысында еліміздің сыртқы саясат мекемесінің басшысы АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Кондолиза Райс, Конгресс мүшелерімен, сондай-ақ, басқа да қоғам және саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді.
Келіссөздер барысында екі жақты қарым-қатынасқа қатысты өзекті мәселелер талқыланады. Халықаралық саясатқа, соның ішінде Орталық Азия аймағы, Ирак және Ауғанстанға қатысты проблемаларға баса назар аударылмақшы.