Эстония президенті ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эстония президенті ресми сапармен елімізге келеді

Эстония президенті ресми сапармен елімізге келеді

1-3-маусымда Эстония Республикасының президенті Арнольд Рюйтель ресми сапармен елімізге келеді.

  • 31 Мамыр 2004
  • 351
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана және Алматы қалаларына ат басын тіреу көзделген сапар бағдарламасы аясында Эстония Республикасының президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, парламент сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен, Алматы қаласының әкімі Виктор Храпуновпен кездеседі.
Сапар аясында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу межеленіп отыр.
Сондай-ақ, Эстония президенті Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, мемлекет басшыларының саябағында ағаш отырғызып, Елбасының мәдени орталығын, «Астанабасжоспары» ҚКК, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен «Бәйтерек» кешенін аралайды.
Алматыда ол «Кәсіпкерлерге арналған дөңгелек үстелге» қатысып, 28 панфиловшыларға арналған саябақты аралап, Қастеев атындағы мұражай мен «Шымбұлақ» кешенінде болады.

Перейти к новостям спорта