РФ Федералдық ғарыш агенттігі 10-маусымда барлық ғарыштық бағдарламаларға Қазақстанның қатысу аясын кеңейтуге бағытталған ұсыныстар топтамасын ортаға салады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ Федералдық ғарыш агенттігі 10-маусымда барлық ғарыштық бағдарламаларға Қазақстанның қатысу аясын кеңейтуге бағытталған ұсыныстар топтамасын ортаға салады

РФ Федералдық ғарыш агенттігі 10-маусымда барлық ғарыштық бағдарламаларға Қазақстанның қатысу аясын кеңейтуге бағытталған ұсыныстар топтамасын ортаға салады

РФ Федералдық ғарыш агенттігі 10-маусымда барлық ғарыштық бағдарламаларға Қазақстанның қатысу аясын кеңейтуге бағытталған ұсыныстар топтамасын ортаға салады. Бұл туралы бүгін, 1-маусымда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Маусым 2004
  • 354
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының атап көрсетуінше, Қазақстан «Байқоңыр деген өз ғарыш айлағы бола тұра, онда бақылаушы деңгейінде қалмай, нақты ғарыштық державаға айналуы тиіс». Д.Ахметовтың атап көрсетуінше, қазіргі таңда ғарыш кеңістігінде 122 жер серігі, соның ішінде Ресейлік 10 спутник жұмыс істеп жатыр. «Қазақстан үшін бір жер серігінің қажеттігі айдан анық»,- деді үкімет басшысы.

Д.Ахметовтың айтуынша, Қазақстанның спутнигі 2005-жылдың желтоқсан айында іске қосылады. «Мұндай рекордты қарқынға бұрын -соңды ешкім қол жеткізген емес»,- деп мәлімдеді Д.Ахметов.
Республиканың жыл сайын түрлі спутниктің арналарды жалға алуға жуық шамамен 26-28 млн. доллардай қаржы жұмсайтынын атап өткен үкімет басшысы Қазақстан үшін өз спутнигінің болуы тиімді екеніне тағы да бір тоқталды. Геостационарлық спутникті ұшыруға Қазақстан 65 млн. доллар жұмсайды. «Нәтижесінде біздің алғашқы жұмсаған қаржымыз үш жылда ақталады деген есебіміз бар»,- деді үкімет басшысы. Сондай-ақ, «ұшырылатын спутник 10-12 жыл қызмет ететіндіктен, Қазақстан төртінші жылдан бастап спутник ұшырудан дивиденд ала бастайды»,- деп пайымдайды Д.Ахметов.
Үкімет басшысының айтуынша, бұл спутниктің мүмкіндіктері тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Ресей мен Орталық Азия елдерінің қажеттігін де өтей алады. «Нәтижесінде Қазақстан 2005-жылы ғарыштық әлеуеті зор елдердің қатарына бұлтарыссыз қосыла алады». «Аталмыш спутникті ұшыру — отандық ауқымды ғарыштық бағдарламаны жүзеге асыруға бастама болмақ»,- деді үкімет басшысы.