Мәжіліс 2004-жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігін тағы да 100 млрд. теңгеге арттыруды ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс 2004-жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігін тағы да 100 млрд. теңгеге арттыруды ұсынып отыр

Мәжіліс 2004-жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігін тағы да 100 млрд. теңгеге арттыруды ұсынып отыр

Мәжіліс 2004-жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігін тағы да 100 млрд. теңгеге арттырып, ол қаржыны әлеуметтік маңызды бағдарламаларға жұмсауды ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін, 1-маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысында баяндама жасаған парламент мәжілісінің депутаты Қайрат Шалабаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Маусым 2004
  • 364
Фото - Caravan.kz

Депутаттардың пайымдауынша, нақтыланған бюджеттің кіріс бөлігінің есебі дұрыс жасалмаған. Қ.Шалабаевтың түсініктемесіне жүгінсек, депутаттардың пайымдауынша, үкімет ұсынған әдістемелер мен коэффиценттерді пайдаланған жағдайда Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 206 млрд. теңге көлеміндегі өсіммен орындалған. Сол себепті Жалпы Ішкі Өнімге шаққандағы кіріс мөлшері 8,7 млрд. емес, 37,1 млрд. теңге болуы тиіс. Бұл түсімдердің біраз бөлігі бір мәрте түсімдер аясында есептелгендіктен, мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің бағалауынша, Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі есебінен 10,5 млрд. теңге мөлшерінде қосымша кіріс түсуі тиіс. Сондай-ақ, аталмыш комитеттің пайымдауынша, мұнайдың орташа бағасын есептеуде оның ең төменгі шегі көрсетілмеген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «2004-жылғы республикалық бюджет туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасында республикалық бюджеттің шығындары 977 897 923 мың теңге немесе бекітілген бюджеттен 47 245 739 мың теңгеге артық болмақ.