Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республика экономикасының 2003-жылғы даму қорытындысы мен қазіргі ахуалына талдау жасаған үкімет Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауда Елбасы алға қойған мақсаттарды ескере отырып 2004-жылғы макроэкономикалық көрсеткіштерге түзету енгізіп, экономиканың даму қарқыны мен кірістерді өсірді. Заң жобасы осы өзгерістерге сәйкес жасалған.
Республикалық бюджеттің нақтыланған түсімі 934 306 555 мың теңге , немесе бұған дейін бекітілген бюджет көрсеткішінен 58 410 334 мың теңгеге арттырылды.
Ал бюджет кірісі бұрынғы бекітілген көлемнен 55 517 697 мың теңгеге өсіріліп, 846 823 861 мың теңге болды.
Кіріс түсімдерін 45 145 996 мың теңгеге ұлғайту көзделіп отыр, кіріс өсімі 6,3 процент немесе 762 504 877 мың теңгеге жетпекші. Мұндай кіріске мұнай және газ өндіру және өңдеу кәсіпорындарынан түсетін бір мәрте түсімдер есебінен қол жеткізілмек, соның ішінде корпоративтік кіріс салығының мөлшері 20 910 481 мың теңгеге артады.
Ресми трансферттер түсімін бұрынғы бекітілген мөлшерден 2,9 млрд. теңге өсіммен 69 870 048 мың теңге көлемінде бекітіледі.
Республикалық бюджеттің жоспарлы тапшылығы бұрынғы бекітілген 92 663 000 мың теңге мөлшерінде қалдырылады.
2004-жылғы республикалық бюджеттің шығындары мен несиелері мөлшері 1 026 969 555 мың теңге немесе бекітілген мөлшерден 58 410 334 мың теңгелік өсіммен бекітіледі деп жоспарлануда.
Республикалық бюджеттің шығындары 977 897 923 мың теңге немесе бекітілген бюджеттен 47 245 739 мың теңге артық болмақ.
Заң жобасының екінші оқылымы 4-маусым, жұмаға белгіленді.