Еліміздің қорғаныс зауыттарының арнаулы өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік толық - "Қазақстанинжиниринг" ҰК-ның президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің қорғаныс зауыттарының арнаулы өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік толық - "Қазақстанинжиниринг" ҰК-ның  президенті

Еліміздің қорғаныс зауыттарының арнаулы өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік толық - "Қазақстанинжиниринг" ҰК-ның президенті

Еліміздің қорғаныс зауыттарының арнаулы өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік толық. Жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында жүрген "Қазақстанинжиниринг" ҰК-ның президенті Ғалым Оразбақов KZ-today тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

  • 1 Маусым 2004
  • 527
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2004-жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның қорғаныс зауыттарындағы өнім мөлшері өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 47 процентке өсті. Алайда, көптеген кәсіпорындарда айналым қаржысы тапшы. Сондай-ақ, «инвестиция тартып, өнім мөлшерін ұлғайту қажет»,- дейді Ғ.Оразбақов.

Ол сондай-ақ, қазіргі таңда қорғаныс саласындағы кәсіпорындардың қарапайым тұтыным тауарларын өндіру ауқымы кеңейе түскенін атап өтті. Негізінен конверсиялық өнім түрлері игерілуде. Оған себеп, бұған дейін әскери зауыттарда күрделі әрі дәлдікке негізделген, жоғары технологиялық өнімдер өндіріліп келуіне, оларда тәжірибелі мамандардың жұмыс істеуіне байланысты,- деді Ғ.Оразбақов.
«Қазақстанинжиниринг» ҰК-ның құрамына республиканың қорғаныс кешеніне енетін 19 кәсіпорын біріккен. Олардың арасында Оралдағы кеме жасайтын «Зенит» зауыты мен «Гидроприбор» ҒЗИ бар. Ұлттық компанияның басты мақсаты- стратегия жобасын жасау, инвестиция тарту, еліміздің қорғаныс зауыттарының өнім мөлшерін арттыру және жұмыс жоспарын дәйектеу болып табылады.