ЕурАзЭҚ бас хатшысы Беларусь басшылығымен кездесуде маусым айында Астанада өтетін Қоғамдастық мемлекет басшыларының саммиті туралы талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ бас хатшысы Беларусь басшылығымен кездесуде маусым айында Астанада өтетін Қоғамдастық мемлекет басшыларының саммиті туралы талқылайды

ЕурАзЭҚ бас хатшысы Беларусь басшылығымен кездесуде маусым айында Астанада өтетін Қоғамдастық мемлекет басшыларының саммиті туралы талқылайды

Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығының бас хатшысы Григорий Рапота жұмыс бабындағы сапармен Беларусь Республикасына барды. Республика басшылығымен кездесуде ол маусым айында Астанада өтетін Қоғамдастық мемлекет басшыларының саммиті туралы талқылайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Маусым 2004
  • 483
Фото - Caravan.kz

Республика Елордасында өтетін алдағы саммитте Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерде ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің ұстанымын үйлестіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, біртұтас көлік кеңістігін құру, Қоғамдастық елдерінің энергетика және басқа да нақты экономика салаларындағы ықпалдастығы туралы талқылау көзделіп отыр.

ЕурАзЭҚ 2000-жылдың қазан айында құрылған. Қоғамдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан енеді. Армения, Молдова және Украина Қоғамдастық жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.