АҚШ Мемлекеттік департаментінің Каспий қуат көздері жөніндегі арнаулы өкілі Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр жүйесін Каспийдегі көмірсутегін тасымалдаудың ең тиімді бағыты деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Мемлекеттік департаментінің Каспий қуат көздері жөніндегі арнаулы өкілі Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр жүйесін Каспийдегі көмірсутегін тасымалдаудың ең тиімді бағыты  деп санайды

АҚШ Мемлекеттік департаментінің Каспий қуат көздері жөніндегі арнаулы өкілі Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр жүйесін Каспийдегі көмірсутегін тасымалдаудың ең тиімді бағыты деп санайды

"Кавказ бен Әзербайжан арқылы өтетін Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр жүйесін мен басқа кез-келген жобаға балама жалғыз жоба ретінде атар едім". Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Каспий қуат көздері жөніндегі арнаулы өкілі Стивен Манн Caspian Oil &Gas 2004 халықаралық көрмесі барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

  • 2 Маусым 2004
  • 359
Фото - Caravan.kz

С.Манн сондай-ақ, Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр жүйесіне Қазақстанды да біріктіруді АҚШ қолдайды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен аптадағы Қазақстан сапары барысында ол осы мәселе бойынша «жақсы келіссөздер жүргізген». «Қазір біз Қазақстанды аталмыш желіге біріктіру оқиғасына куәгер болатын кезеңге жеттік»,- деді Мемлекеттік департамент өкілі. Дегенмен ол Баку-Тбилиси-Жейхан жобасының табысты болуы Қазақстанға байланысты емес, құбырды толтыруға Әзербайжанның өз мұнайы да жеткілікті деп атап өтті.

Сондай-ақ, С.Манн АҚШ-тың тек Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасымен ғана шектелмей, Одесса-Броды, КТК және Қазақстан-Қытай құбыры жобаларын да қолдайтынын атап көрсетті.
АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілінің айтуынша, «Одесса-Броды жобасы да АҚШ үкіметі бірнеше жылдан бері қолдап отырған жақсы жобалардың бірі». «Бұл құбыр желісі Каспий мұнайын Еуропа нарығына тасымалдауда маңызды роль атқара алады. Біздің Түркиялық әріптестер де бұл жобаны Босфор бұғазындағы ахуалды оңалтуға түрткі болатын жоба ретінде қолдап отырғанын біз білеміз»,- деді С.Манн.
Қазақстан-Қытай бағатында мұнай құбырын тарту мүмкіндігі туралы түсініктеме берген С.Манн : «түрлі мұнай құбырларын толтыруға Қазақстанның мұнайы жеткілікті, егер Қазақстан Қытай бағытындағы құбырын қолдауға құлықты болса, онда біз бұл идеяға табыс қана тілейміз»,- деді.
Ал мұнай тасымалдаудың трансирандық бағытына тоқталған С.Манның айтуынша, заңдық тұрғыдан да, «басқа белгілі себептерге байланысты да» мұндай жобаларға АҚШ қарсы. «Ал егер мәселенің коммерциялық жағына келсек, басқа да балама жобалар көп. Маған ең ұнайтын балама бағыт- Кавказ бен Әзербайжан арқылы өтетін құбыр болмақ. Сондай-ақ, КТК жобасы мен Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жобасын талқылауды да естен шығармау абзал»,- деді ол.