"Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның активтері бір лотпен сатылмайды - ҚР азаматтық авиация комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның активтері бір лотпен сатылмайды - ҚР азаматтық авиация комитеті

"Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның активтері бір лотпен сатылмайды - ҚР азаматтық авиация комитеті

"Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның активтерін бір лотпен сату жоспарланған жоқ". Бұл туралы бүгін, 2-маусымда ҚР азаматтық авиация комитетінің төрағасы Алмасбек Мәмбетов KZ-today тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

  • 2 Маусым 2004
  • 743
Фото - Caravan.kz

А.Мәмбетовтың айтуынша, «әуе компаниясының банкроттыққа ұшырауына байланысты конкурстық шаралар енді ғана басталып, компания мүлкіне санақ жүргізіліп, оның активтері мен пассивтері анықталуда. Бұл жұмыс бір айдан кейін аяқталады». «Соңғы мәліметтерге қарағанда, әуе компаниясының кредиторлық берешектері 55 млн. долларды құрайды»,- деді А.Мәмбетов.

А.Мәмбетовтың айтуынша, қазір олар «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның бұрынғы қызметкерлерін, соның ішінде жұмыссыз қалған Павлодар және Өскемендік ұшқыштар мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешумен айналысып жатыр».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 19-мамырда Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Марат Нұрбеков «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ын банкрот деп тану процедурасын бастау туралы Алматы экономикалық сотының шешімін негізді деп жариялады.
«Эйр Қазақстан» ЖАҚ әуе компаниясын банкрот деп тану процедурасын бастау туралы шешімді 16-сәуірде Алматы экономикалық соты шығарған. Сол күнгі сот мәжілісі барысында «Эйр Қазақстан» ЖАҚ кредитор 9 компанияға берешегін мойындады.
Атап айтсақ, ол 35,3 млн. теңгені «Ерминстрой» ААҚ-на, 853 мың долларды «МС Мира Импекс компаниясына», 1,4 млн. теңгені «Время» баспасына, 2,6 млн. теңгені «Алматытелеком» қалалық телекоммуникациялық орталығына байланыс қызметі үшін, 272 мың долларды «Союз Авиа» ЖШҚ-на, 25,3 млн. теңгені Авиа консалтинг компаниясына, 723 мың долларды «Авиаэкспресс»ЖШҚ-на , 57,7 млн. теңгені «Гелеос» ЖШС-не, 456 млн. теңгені Түрксіб аудандық салық комитетіне, 679 млн. теңгені Алматы халықаралық әуежайына 2001-жылғы тамыз айынан бергі берешек ретінде қайтаруы тиіс.
Алайда, экономикалық соттың шешімімен келіспеген «Эйр Қазақстан» 2004-жылдың 5-мамырында жоғары сатылы сотқа апелляциялық шағым түсірген.
«Эйр Қазақстан» ЖАҚ әуе компаниясы ҚР көлік және коммуникация министрлігіне 2004-жылдың ақпан айынан бастап бірқатар тұрақты авиациялық бағыттар бойынша ұшуларды доғаратынын мәлімдеген болатын. Ондай жағдайға компанияның қаржылық ахуалы түрткі болған. Қазіргі жағдаймен компанияның кредиторлық берешегі 55-60 млн. долларға жетіп жығылды.
ҚР азаматтық авиация комитетінің төрағасы Алмасбек Мәмбетовтың айтуынша, «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның берешегі туралы баян 1999-жылдан бастау алады. «Ол кезде әуе компаниясы басшылығының теріс саясаты салдарынан қаржылық лизинг жолымен 102 млн. долларға алынған екі Бойнг-737 және екі бірдей А-310 аэробусы әуе компаниясын қарызға белшеден батырған». А.Мәмбетовтың айтуынша, берешек содан бері мүлдем азайған жоқ. «Республика үкіметі ахуалды өзгертуге екі мәрте қадам жасады. Алғаш рет 2001-жылы ҚР үкіметі екі аэробусты сатып алуы нәтижесінде «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның 4,5 млн. доллар көлеміндегі қарызы өтелді. Ал 2002-жылы үкімет Қазкоммерцбанкке берешегі үшін «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның акцияларын 15 млн. долларға сатып алды. Нәтижесінде Қазкоммерцбанк әуе компаниясының 20 млн. доллар шамасындағы қарызына кешірім беріп, басқа да кредиторлық берешектерді өтеу ұзақ мерзімге кейінге шегерілді»,- деді А.Мәмбетов.
2000-жылдың 30-желтоқсанынан бері «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-на Еркін Қалиев басшылық етеді.