Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
“Құйрықтың майын шыжғырып емдеп жіберейік. Таңертең Алланың күшімен жазылып кетесіз. Жақсы ұйықтаңыз. Түн тыныштығын берсін. Осы қолыңызбен мені тарс еткізіп ұрып жіберсеңіз болды”, – дейді әзілдеп қарт анасының асты-үстіне түскен өнер иесі.
Желі қолданушылары анасын еркелеткен Мақпал Жүнісоваға да, қызына еркелеп жатқан кейуанаға да сүйсініп, ақ тілектерін арнап жатты.
“Мақпалжан, бақыттысың. Анамызға Алла ұзақ ғұмыр, денсаулық, күш-қуат берсін”, “Ем болсын! Анам болса мен де қолын уқалап беретін едім”, “Апамыздың Мақпал қызына еркелеп жатқаны ғой”, “Тілеуіңізді тілеп отырған анаңыз бар сіз бақыттысыз”, “Жаққан майыңыз анаңызға шипа болсын”, – деп жарыса жазып жатты желідегілер.