Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.
"Биыл 8-9 маусым күндері жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі Астана халықаралық форуым өтеді. Сондай-ақ форум аясында шетелдік инвесторлар кеңесі және Астана байланысы ұйымдастырылмақ. Жаңа форматтағы Астана халықаралық форумы ортақ шешімдерді табуға бағытталған. Бұл шара тиімді әрі беделді және еуразиядағы басты диалог алаңы болып табылады.Оның мәртебесі шақырылған спикерлер мен делегаттардың деңгейіннен көрінеді. Мемлекет және үкмет басшылары , жетекші әлемдік сарапшылар, ірі халықаралық ұйымдардың басшылары. Онда сыртқы саясат пен тұрақтылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы мәселелерін талқылайды. Форум алаңында әлем спикерлерінің қатысуымен 40 жуық іс шара өтеді".Форумның тақырыбы "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында" Біз түрлі елдерден мыңға жуық қонақ келеді деп күтіп отырмыз" деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.