Бензема саудиялық «Әл-Иттихад» клубының ойыншысы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бензема саудиялық «Әл-Иттихад» клубының ойыншысы атанды

Бензема саудиялық «Әл-Иттихад» клубының ойыншысы атанды

Танымал франциялық шабуылшы Карим Бензема саудиялық «Әл-Иттихад» клубының ойыншысы атанды.
Бұл жайлы клуб өзінің Twitter парақшасында хабарлаған, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

  • 7 Маусым 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бензема бізбен бірге. Жаңа жолбарыс ырылдап тұр. Қош келдің «Иттихадқа», — деп жазды клуб.

Келісімшарт 2026 жылға дейін жасалған.

«Әл-Иттихад» – Сауд Арабиясының чемпионы. «Әл-Иттихад» биыл атақты португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» командасын да жеңіп шыққан.

Осыған дейін Карим Бензема Мадридтің "Реал" клубы сапында 14 маусымда 647 матч өткізіп, 353 гол соқты. Биылғы маусымда ол 23 ойында 18 голдың авторы атанып, 3 нәтижелі пас берді.