Елшілік ақпаратына жүгінсек, кездесу барысында Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында соңғы уақыттарда болған төтенше оқиғаларға баса назар аударылды. Тараптар шекара саясатын жетілдіру шаралары туралы, соның ішінде шекаралас аудан тұрғындары үшін мемлекеттік шекарадан өтудің жеңілдетілген тәртібін енгізу, екі елдің шекаралық өкілдіктері арасындағы жұмыс бабындағы байланыстарды нығайту шаралары талқылады.
Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Мирзоев өз елі тарапынан шекара маңындағы төтенше оқиғаларға жол бермеу мақсатында жасалып жатқан шаралар жайында хабарлама жасады.
Сондай-ақ, тараптар халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, есірткі тасымалы және заңсыз көші-қон құбылыстарына бірлесіп қарсы тұру шараларын пәрмендендіру төңірегінде пікір алмасты. Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары аймақтық қауіпсіздік мүддесіне сәйкес екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі потенциалын дамытуға бағытталған бірлескен шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, кездесуде 16-17-маусымда Ташкентте өтеді деп межеленген Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының саммитіне дайындық барысы тиянақталды.