ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісінде Каспий аймағындағы инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісінде Каспий аймағындағы инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланады

ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісінде Каспий аймағындағы инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланады

Бүгін, 4-маусымда Ақтауда өтетін ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 11-ші мәжілісінде Каспий аймағындағы инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланады деп күтілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Маусым 2004
  • 359
Фото - Caravan.kz

Отырыста «ШевронТексако» корпорациясы басқармалары төрағасының орынбасары Питер Робертсон Каспий аймағындағы көгілдір отын өндіру саласының дамуы туралы баяндама жасайды. Ал BG group корпорациясының атқарушы директоры Френк Чатмен Каспий аймағындағы инфрақұрылымның дамуы туралы , «Тоталь» компаниясының президенті Кристоф де Маржери Каспий мұнайының тасымалдануы туралы баяндама жасайды. Сондай-ақ, мәжілісте Қазақстандағы инвестициялық ахуал сарапқа салынады.

Мәжілістен кейін Еуропалық Қайта құру және даму банкі мен Қазақстан даму банкі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады.