"Гүлнар Тур" және "Әлия Стар" туристік компаниялары "Эйр Астана" ЖАҚ-на қарсы 1 млн. доллардың шағымын түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Гүлнар Тур" және "Әлия Стар" туристік компаниялары "Эйр Астана" ЖАҚ-на қарсы 1 млн. доллардың шағымын түсірді

"Гүлнар Тур" және "Әлия Стар" туристік компаниялары "Эйр Астана" ЖАҚ-на қарсы 1 млн. доллардың шағымын түсірді

ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің хаттамасына сәйкес "Эйр Астана" ЖАҚ мен "Гүлнар Тур" және "Әлия Стар" туристік агенттіктері арасындағы келісім-шарт бұзылды. Соның салдарынан "Гүлнар Тур" және "Әлия Стар" туристік компаниялары "Эйр Астана" ЖАҚ-на қарсы 1 млн. доллардың шағымын түсірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Эйр Астана" ЖАҚ-ның баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламадан мәлім болды.

  • 4 Маусым 2004
  • 1392
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, «Эйр Астана» ЖАҚ әуе компаниясы бірінші кезекте әуе компаниясының өз бланктарында тасымалдау көрсетілген жолаушылар алдындағы міндеттемені орындайды. Ал арнаулы рұқсатсыз авиабилеттер жазып берген авиатуристік агенттіктер алдында ешбір міндеттеме жүктемейді.

Түркия бағытындағы билеттерді Халықаралық Дистрибьютерлік Жүйе арқылы еркін еркін сатып алуға болады. Жүйе шеңберінде жұмыс істейтін кез-келген авиатуристік агенттік Анталья, Измир, Даламан, Бодрум бағытында ұшақ билеттерін жаза алады, делінген хабарламада.
Сондай-ақ, хабарламада атап көрсетілгеніндей, «Эйр Астана» ЖАҚ әуе компаниясы Қазақстандық және халықаралық заңнама нормаларына сәйкес іс-қызмет жүргізеді. Түркия бағытындағы ұшырылымдарға «Эйр Астана» ЖАҚ әуе компаниясы тұрақты рейстер шығарып, үздіксіз жүзеге асыратын болады, деп сендірді бізді әуе компаниясындағылар. Жолаушы, жүк және қол жүк тасымалының тәртіптері Қазақстан заңдарына, халықаралық заңнамаға, сондай-ақ, «Эйр Астана» ЖАҚ мүше болып табылатын IATA (Халықаралық әуе көлігі Қауымдастығы) тәртіптеріне сәйкеседі. «Эйр Астана» ЖАҚ жолаушыларға жеңілдетілген жеке тарифтер ұсынып, ішкі және халықаралық бағыттарда айтарлықтай жеңілдіктер көрсетеді, делінген хабарламада.