Оңтүстік Қазақстан облысының соты тұтынушыларды көгілдір отын мен газдың бағасын артық төлеуге мәжбүрлеп келген монополистердің әрекетін заңсыз деп тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының соты тұтынушыларды көгілдір отын мен газдың бағасын  артық төлеуге мәжбүрлеп келген монополистердің әрекетін заңсыз деп тапты

Оңтүстік Қазақстан облысының соты тұтынушыларды көгілдір отын мен газдың бағасын артық төлеуге мәжбүрлеп келген монополистердің әрекетін заңсыз деп тапты

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауданаралық экономикалық соты ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің "Су ресурстары-маркетинг" ЖШС мен Оңтүстік Қазақстан облыстық газ шаруашылығы басқармасына қарсы шағымын қанағаттандырды. Онда тұтынушылардан пәтерлердегі жеке есептегіш құралдар мен үйге жалпы ортақ есептегіш құралдардың көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтың төлемін тұтынушыларға төлетуді доғару туралы нұсқауды орындауға монополистерді мәжбүрлеу көрсетілген. Бұл туралы ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің төрағасы Байсейіт Түймебаев баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 4 Маусым 2004
  • 629
Фото - Caravan.kz

Жыл басынан бері су және газ шаруашылығының қызметкерлері тұтынушыларға пәтерлердегі жеке есептегіш құралдардың көрсеткішінің сыртында үйге жалпы ортақ есептегіш құралдардың көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтың төлемін талап еткен төлем қағаздарын жібере бастады. Кейде бұл қағаздарда көрсетілген газ бен су төлемі тұрғындардың жеке тұтынымы мөлшерінен әлдеқайда артып кететін болған. Осы мерзімде тұрғындар монополистердің бұл әрекетіне бірнеше мәрте наразылық танытты.

Облыстық монополияға қарсы күрес мекемесінің басшылығы мұндай әрекеттерді доғару туралы нұсқау да берген. Алайда, монополистер бұл талаптарды көзге ілген жоқ. Нәтижесінде монополияға қарсы күрес департаменті сотқа шағым түсірді. Сот шағымды тұтынушылардың пайдасына шешті.
Алайда, монополистер тіпті бірінші сатылы сот шешімінен кейін де жоғарыдағы талабын доғарар емес. Олар енді жоғары сатылы сотқа апелляция түсіріп отыр. Ендігі жерде мәселе облыстық сотта шешіледі.