Сондай-ақ, облыстық кәсіпорындардағы тұрақты зиянды қалдық көздерінің
саны да артты. Облыстағы экологиялық тұрғыда ең қолайсыз қалалар санатында бұрынғыдай Балхаш пен Теміртау аталады. Қаланың бір тұрғынының үлесіне тиетін зиянды қалдықтар мөлшеріне қарай Балхаш еліміздегі ең лас қалалардың бірі. Мұнда қаланың әрбір тұрғынының үлесіне 11,1 тонна зиянды қалдықтан келеді.
Қатты қалдықтар мөлшері де жыл өткен сайын арта түсуде. Қазіргі жағдаймен облыстағы кәсіпорындарда 1 млрд. тоннадан астам қалдық жиналған. Тек өткен жылы 42 тонна улы қалдық жиналды. Экологиялық нормаларды бұзғаны үшін былтыр 21 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылып, 28 лауазым иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.