Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров перспективасы бар ауылдардың деңгейін көтеру қажеттігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров перспективасы бар ауылдардың деңгейін көтеру қажеттігін айтты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров перспективасы бар ауылдардың деңгейін көтеру қажеттігін айтты

Астана халықаралық экономикалық форумының аясында брифинг өткізген Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров перспективасы бар ауылдардың деңгейін көтеру керектігін айтты.

  • 9 Маусым 2023
  • 24
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

«Біз преспективасы бар ауылдардың деңгейін көтеруіміз керек. Бұл орайда инфрақұрылым, жол және басқалары қамтылады. Бүгінгі таңда тұрақты әрі спутниктік ауылдардың жалпы саны 3,5 мыңға жетіп отыр», — деді министр.
Әлібек Қуантыров шағын ауылдарға қолдау көрсету ісіне жергілікті әкімдіктер ерекше мән беруі керектігін жеткізді.
«Бір-біріне жақын орналасқан кейбір елді мекендер ауылдық округтерге біріктіріліп жатыр. Біз ірі ауылдарды тиісті стандарттарға жеткіземіз. Шағын ауылдарға да назар аударылады. Шекара маңындағы орналасқан ауылдарды да адами капиталмен барынша толықтыру, жұмыс орындарын құру маңызды, — деді министр.