«Кезектен тыс аттестациялау шарасы аумақтық әділет органдары қызметкерлерінің иемденген лауазымдарына лайықтығын тексеру және олардың кәсіби біліктілік деңгейін анықтау үшін жүргізілді»,- деді О.Жұмабеков.
Оның айтуынша, 493 қызметкердің иемденген лауазымдарына лайық емес екені анықталды. Олар 6 айдан кейін қайтадан аттестациялау шарасынан өтуі тиіс. Ал 28 қызметкер жұмыстан шығарылды.