Елімізде қамауда жазасын өтеушілердің жағдайын жақсартуға қосымша 9,8 млрд. теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қамауда жазасын өтеушілердің жағдайын жақсартуға қосымша 9,8 млрд. теңге бөлінеді

Елімізде қамауда жазасын өтеушілердің жағдайын жақсартуға қосымша 9,8 млрд. теңге бөлінеді

Үкімет жыл сайын бөлінетін қаржының сыртында Республикамызда қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2004-2006-жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында қамауда жазасын өтеушілердің жағдайын жақсартуға қосымша 9,8 млрд. теңге бөлгелі отыр. Бұл туралы бүгін, 7-маусымда ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков "ҚР әділет органдары іс-қызметінің кейбір бағыттары туралы" тақырыбы бойынша парламентте өткен үкіметтік сағатта құлағдар етті,-

  • 7 Маусым 2004
  • 450
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Министрдің түсініктемесіне жүгінсек, бұл қаржы «жазасын өтеушілердің жағдайын жақсартуға, түзету мекемелері мен тергеу абақтыларын жаңалау және салу» мақсаттарына қосымша арналып отыр. «Жаңадан салынған қылмыстық-атқару жүйесі нысандары барлық халықаралық стандарттарға сай келеді»,- деді ол. О.Жұмабековтың айтуынша, «жеке меншік түрмелер мен шаруашылық есептегі түрме бөлмелері дегенге мүлдем қарсы».
«Ең жоғары дамыған мемлекеттердің өзі қылмыстарды түп-тамырымен жоя алған жоқ. Біз де оның тамырына балта шабамыз деген жалған қиялдан арылдық. Ондай атты күн жуық арада туа қоймас»,- деді әділет министрі.
«Қылмыстарды тым құрыса ауыздықтап, санын мейлінше қысқартуға талпыну дұрыс. Барша мемлекеттік органдар, соның ішінде бірінші кезекте құқық қорғау мекемелері осы бағытқа барынша күш салуы тиіс»,- деді О.Жұмабеков.
Ал тұтқындар ахуалы туралы ол : «түрмелерді қаржыландыру — кез-келген мемлекет міндетті түрде арқалап алатын аурытпалық. Ал түрмелер жеке меншікке көшсе, онда тәртіп болмайды»,- деп пайымдайды ол.