Ақтөбе облыстық прокуратурасы Қытай құрылыс компаниясының қазақстандық жұмысшыларды заңсыз жұмыстан шығару дерегін әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облыстық прокуратурасы Қытай құрылыс компаниясының қазақстандық жұмысшыларды заңсыз жұмыстан шығару дерегін әшкереледі

Ақтөбе облыстық прокуратурасы Қытай құрылыс компаниясының қазақстандық жұмысшыларды заңсыз жұмыстан шығару дерегін әшкереледі

Ақтөбе облыстық прокуратурасы шетелдерден жұмыс күшін тартушы компанияларға тексеру жүргізу нәтижесінде Қытайдың "Цзянь Цао" құрылыс компаниясының қазақстандық жұмысшыларды заңсыз жұмыстан шығару дерегін әшкереледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық прокуратураның прокуроры Мәлік Қарасаев хабарлады.

  • 7 Маусым 2004
  • 835
Фото - Caravan.kz

Қытайлық құрылыс компаниясының басшылары «Цзянь Цао» ЖШС-інен 20 Қазақстан азаматын шығарып, олардың орнына өз мамандарын шақырып алған.

Прокуратураның түсініктемесіне сәйкес, ішкі еңбек нарығын қорғау тәртіптері бойынша жұмыс берушілерге шетелдерден жұмыс күшін тартуға жергілікті нарықта қажетті мамандық иелері болмаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Сондай-ақ, Қытайлық компания бұл тәртіптің басқа да ережелерін бұзған. Атап айтсақ, ЖШС басшылығы жергілікті жұмыссыз азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға шаралар қолданбаған, болашақта шетелдік мамандардың орнын алмастыру үшін жергілікті жұмысшылар оқытылмаған.
Осыған байланысты «Цзянь Цао» ЖШС басшылығының үстінен әкімшілік іс қозғалды. М.Қарасевтың пікірінше, бұл компанияға Ақтөбе облысының аумағында бұдан былай іс-қызмет жүргізуге рұқсат беруден бас тартылуы мүмкін.