Самара облысының губернаторы Константин Титов пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімовтың кездесуі барысында облыстар арасындағы түрлі саладағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері сарапқа салынады. Экономикалық ынтымақтастық басты назарда болмақ. Оралдағы Мұз сарайда Самара облысының өнеркәсіп орындарының көрмесі ашылды. Экономикалық форум және іскерлік байланыс биржасы аясында Самара облысы мен Батыс Қазақстанның жекелеген кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылмақшы.
Сондай-ақ, «Крылья Советов» (екінші құрамы) және «Ақжайық» (екінші құрамы) футбол құрамалары арасында достық сайыс өткізіледі. Кешкісін Самара облысының өнер майталмандары біріккен концерт береді.