Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, есірткі сататын ұяның қожайыны, 51 жастағы Александр бұған дейін төрт мәрте сотталған. Жалпы алғанда бас бостандығынан айыру орындарында 32 жыл отырыпты. Соңғы рет ол 2004-жылдың 26-мамырында қамаудан босап шыққан.
Жуырда ғана абақтыдан шыққан қауіпті қылмыскердің үйіне келген тәртіп сақшылары оны героин егіліп жатқан нашақорлардың арасынан тапты. Күдіктінің үйіндегі тінту кезінде көптеген шприцтер мен димедрол табылды. Сондай-ақ, әлгі еркек үйінің ауласында қарақурай өсіріп отырған. Оперативтік қызметкерлер 123 түп марихуана кесіп тәркіледі. Күдіктінің айтуынша, ол наша шөбін емдік мақсатта өсіріп отырған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.