Оңтүстік Қазақстан облысында улы жәндіктер мен жылан шағып алған адамдарды емдейтін антидоттар тапшылығынан оларды жалпылама сипаттағы дәрілік препараттармен емдеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-15 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында улы жәндіктер мен жылан шағып алған адамдарды емдейтін антидоттар тапшылығынан оларды жалпылама сипаттағы дәрілік препараттармен емдеуде

Оңтүстік Қазақстан облысында улы жәндіктер мен жылан шағып алған адамдарды емдейтін антидоттар тапшылығынан оларды жалпылама сипаттағы дәрілік препараттармен емдеуде

Оңтүстік Қазақстан облыстық дәрігер-токсикологтар улы жәндіктер мен жылан шағып алған адамдарды емдейтін антидоттар тапшылығынан оларды жалпылама сипаттағы дәрілік препараттармен емдеуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық оксигинация орталығының токсикология бөлімшесінің меңгерушісі Күмісбек Матаев хабарлады.

  • 8 Маусым 2004
  • 3165
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2003-жылы Оңтүстік Қазақстандық токсикологтар жылан уына қарсы 7 , қарақұрт уына қарсы 10 сарысу сатып алған. Соңғы вакцина 2004-жылдың басында пайдаланылды. Орталық уға қарсы дәрілерді облыстағы 3-4 дәріханадан сатып алған. Былтырғы жылдың аяғы, биылғы жылдың басында орталық мамандары қажетті дәрілерге тапсырыс берген, алайда, дәріханалар оларды күні бүгінге дейін сатып алмапты.

Орталықтың токсикологиялық бөлімшесіне улы жәндіктер мен жылан шағып алған адамдар келіп түсуде. Мәселен, 6-маусым, жексенбі күні Шымкенттегі туыстарының үйіне қыдыра келген 49 жастағы Өзбекстан тұрғыны ауыр жағдайда токсикологиялық бөлімшеге түскен. Науқастың айтынша, оны беймәлім бір өрмекші шағып алған. Дәрігер-токсикологтар оны қарақұрт шағып алғанын анықтады. Осындай жағдайда қажетті дәрілердің жоқтығынан дәрігерлер оны жалпылама сипаттағы дәрілік препараттармен емдеуге мәжбүр.
Бұл көктем басталғаннан бері қарақұрт шағып алған екінші адам. Жалпы, жыл басынан бері токсикологиялық бөлімшеге хайуанат текті удан зардап шеккен 26 адам түсті, олардың екеуін жылан шағып алған.