Агенттік ақпаратына сәйкес, 26-мамырда бақташы үш танысымен бірге бір сиырды сойып, етін бұзған. Бір аптадан кейін бақташы орталық аудандық ауруханаға «оң жақ қолының некрозды флегмонасы» деген диагнозбен жатқызылды. Ал 7-маусым, дүйсенбіде науқас облыстық медициналық бірлестіктің жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырылып, оған алдын-ала «күйдіргі» деген диагноз қойылды.
Қазір сырқаттың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Ауданда жұқпалы аурудың таралуына қарсы шаралар қолданыла бастады.