"Электронды үкімет" мемлекеттік бағдарламасын қабылдау мерзіміне қатысты ұсыныстар үш айда дайындалып бітуі тиіс - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-15 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Электронды үкімет" мемлекеттік бағдарламасын қабылдау мерзіміне қатысты ұсыныстар үш айда дайындалып бітуі тиіс - ҚР үкімет басшысы

"Электронды үкімет" мемлекеттік бағдарламасын қабылдау мерзіміне қатысты ұсыныстар үш айда дайындалып бітуі тиіс - ҚР үкімет басшысы

"Электронды үкімет" мемлекеттік бағдарламасын қабылдау мерзіміне қатысты ұсыныстар үш айда дайындалып бітуі тиіс. Бүгін, 8-маусымда үкімет отырысында премьер-министр Даниал Ахметов осындай тапсырма берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 8 Маусым 2004
  • 1010
Фото - Caravan.kz

«Электронды үкіметтің қажеттігі күдік тудырмайды»,- деді Д.Ахметов. «Бағдарламаның негіздері барлық елдерде бірдей болғандықтан, тұжырымдаманы қабылдауға тиіс екеніміз айдан анық»,- дейді ол. Дегенмен, «маңызына байланысты мәселенің құқықтық жағына бірінші кезекте назар аударып, содан кейін ғана технологиялық және әлеуметтік әзірлік деңгейіне мән беру керек»,- деді үкімет басшысы.

Осы орайда Д.Ахметов министрлер кабинетінің назарын «электронды үкімет» деген атаудың өзі шартты сипаттағы атау екеніне аударды. «Өйткені, ол үкімет іс-қызметінің негізгі екі бағытына, атап айтсақ, халыққа қызмет көрсету және жекелеген министрліктер мен мекемелер арасында ашық байланыс болуы үшін үкімет жұмысын жалпылама үйлестіруге тікелей қатысты. Ондағы мақсат — айналымдағы құжаттар санын қысқарту, министрліктер мен мекемелер арасындағы интеграцияны тереңдету болмақ».
Үкімет отырысында осы мәселе жөнінде баяндама жасаған ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Біржан Қанешевтың сөзіне қарағанда, «Электронды үкімет» бағдарламасы үш кезеңмен жүзеге асырылады, бірінші кезеңде «әрбір министрліктің электронды жүйесіне қатысты» мәселе шешілуі тиіс. Ал бағдарламаның құнына тоқталған Б.Қанешевтің хабарлауынша, «Электронды үкімет» бағдарламасының жобасын жасаушы жұмыс тобы одан әрі тер төгуде. Қазіргі жағдаймен тек біртұтас тасымал ортасының құны 200 млн. евроға бағаланып отыр. Осыған байланысты үкімет басшысы бағдарламаны жүзеге асыру тиімділігі мен «бағдарламаға үкіметтің дәл қарнша қаржыны сарп ететіндігін» анықтауды тапсырды.