2004-жылдың шілде айында Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жаңа байыту цехы іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
0 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың шілде айында Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жаңа байыту цехы іске қосылады

2004-жылдың шілде айында Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жаңа байыту цехы іске қосылады

"ҚазХром" АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытында 2004-жылдың шілде айында жаңа байыту цехы іске қосылып, онда рутил, цирконий және ильменит концентраттары өндіріледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне зауыттың бас инженері Аман Есенжолов хабарлады.

  • 8 Маусым 2004
  • 488
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, аталмыш концентраттар арнаулы металлургия саласында, атап айтсақ, сүңгуір қайықтар, ғарыш кемелері, жоғары жылдамдықты отарбалар, электр станцияларының құбырлары мен басқа да техникалар өндіруде пайдалануға арналған. Концентраттар экспортқа шығарылады.

Қазір байыту цехындағы жабдықтар құрастырылуда. А.Есенжоловтың айтуынша, сол үшін Ақтөбеге Финляндияның OUTOKUMPU компаниясының өкілдері келді.
Жалпы алғанда, жаңа өндіріс 120-дан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.