Standard & Poors агенттігінің несиелік талдаушысы Магар Куюмджянның айтуынша, «бұл рейтинг Қазақстан экономикасындағы тұрақты оңды ағымдардың жалғаса түсумен бірге аталмыш банктердің негізгі кіріс көздерінің нығая түскенін айғақтайды».
Екі банктің рейтингі олардың нарықта иемденген позициясының күшейе түскенін, негізгі кіріс көздерінің нығайғанын, сондай-ақ, активтері сапасының арта түскенін дәлелдейді. Сонымен бірге банктер өздерінің акционерлік құрылымында шетелдік миноритарлы акционерлердің болу артықшылығын пайдаланып отыр. Бұл жағдай банктерді корпоративтік басқаруды, басқару құрылымы мен тәуекелдерді басқару деңгейін арттыра түсуде.
Бірақ банктердің рейтингін шектеуге ел экономикасы мен басым позициядағы өнеркәсіп орындарындағы қазір жоғары тұрған, бірақ біртіндеп азая түскен тәуекелдік деңгейі, сондай-ақ, берешек мөлшерінің тез өсуі әсер етіп отыр. Берешек мөлшерінің өсуі өз кезегінде банк капиталын арттыруға түсіретін қысымды арттырып, активтер сапасының экономикалық құлдырауларға тәуелділігін күшейтуде.
«Аталмыш екі банк бойынша позитивті болжам жасалуы олардың зор қарқынмен өсе бастаған ел экономикасында мықты позицияға ие болғанын көрсетеді. Бұл аталмыш банктердің соңғы жылдардағы табысты іс-қызметінен-ақ айқын көрінуде»,- деді М.Куюмджян. Осы орайда ол : «бұл банктрдің бұдан да жоғарғы рейтингіге ие болуы көбінесе банктердің бизнестерінің әсіре шоғырлану жағдайын төмендете алуына, капитал мөлшерін арттыруына және несиелер беру мөлшерін азайта алуына тікелей байланысты» деп атап өтті.