Каспий теңізі тек бейбіт мақсатта пайдаланылуы тиіс - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-15 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізі тек  бейбіт мақсатта пайдаланылуы тиіс - ҚР СІМ

Каспий теңізі тек бейбіт мақсатта пайдаланылуы тиіс - ҚР СІМ

Қазақстан Каспий теңізі тек бейбіт мақсатта пайдаланылуы тиіс деп пайымдайды. Бүгін, 9-маусымда Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының 14-отырысының ашылуында сөз сөйлеген ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Маусым 2004
  • 603
Фото - Caravan.kz

«Тараптардың Каспийдегі ықпалдастығы әр елдің егемендігін, аумақтық біртұтастығын, тәуелсіздігі мен мемлекеттердің еркіндік-теңдігін құрметтеуге, өзара күш қолданбауға және күш қолданамын деп қорқытпауға негізделуі тиіс»,- деді ол.

Сонымен бірге еліміздің сыртқы істер министрі осы орайда «демилитаризацияны қарусыздану деп пайымдасақ, онда бұл — мүлдем жүзеге аспайтын міндет» дегенді мойындады.
«Қазіргі нақты ахуалға сәйкес Каспий теңізі бассейнінде қару-жараққа бес жақты бақылау қою тетігін құру және өзара тиісті келісімдерге қол қою арқылы оларды бақылау жүйесін құру туралы сөз қозғаған дұрыс»,- деді Қ.Тоқаев. «Бұл Каспий аймағында қару-жарақ жөнінен тепе-теңдік қалыптастыруға мүмкіндік береді»,- деді ол.